• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ

444 рет
көрсетілді

2015 жылғы 26 маусым №15-08/579 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 13 шілде №525 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ Өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тексеру парағының нысанын бекiту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақ­стан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. «Өсімдіктер карантині бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 15-07/202 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 01-04-03/74 НҚ бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 10 маусымда № 8502 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 тамыздағы № 198 (28137) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған)) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы ________________С.АЙТПАЕВА 2015 жылғы 15 шілде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусым №15-08/579 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 шілде № 525 бірлескен бұйрығына қосымша Нысаны Өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тексеру парағы Карантинге жатқызылған өнімдерді өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қатысты ________________________________________________________________________________________ (Тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті топтарының атауы) Аумақтық инспекцияның атауы ____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ Тексеру тағайындау туралы акті____________________________________________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ___________________________________________________________ Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН) БСН_____________________________________________________ Орналасқан мекенжайы ___________________________________________________________________________ № Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Қойылатын талаптарға сәйкес Қойылатын талаптарға сәйкес емес 1 2 3 4 5 6 1 Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген фито­­санитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнім партиясына экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификатының болуы 2 Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген фито­санитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнім партиясына қайта экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің қайта экспорттау фитосанитариялық сертификатының болуы 3 Карантинге жатқызылған өнімді сақтау немесе қайта өңдеу жүзеге асырылатын қойма үй-жайларына жыл сайынғы профилактикалық залалсыздандыруды жүргізу 4 Отырғызылатын немесе тұқымдық материалды зертхана­лық сараптама нәтижелері алынғанға дейін пайдалануға жол бермеу 5 Отырғызылатын немесе тұқымдық импорттық материалды зертханалық сараптама нәтижелері алынғанға дейін сақтау шарттарын сақтау 6 Қазақстан Республикасының аумағына азық-түлік, жемшөп және техникалық мақсаттарда пайдалану үшін әкелінген дәндi, дәндi-бұршақтық, майлы дақылдарды тұқымдық мақсатта пайдалануға жол бермеу 7 Қалдықтарды міндетті түрде жоя отырып, карантинге жат­қызылған импорттық өнімді, сондай-ақ карантиндік аймақ­тардан әкелінген карантинге жатқызылған өнімді тасы­малдағаннан кейін көлік құралдарына тазартуды жүргізу 8 Карантинге жатқызылған өнiмдi алып келе жатқан жолында немесе межелі пунктiнде басқа мекенжайға жіберу кезінде уәкілетті органның рұқсатының болуы 9 Карантиндік арамшөптермен қоқысталған тұқымдық немесе отырғызылатын материалды егу үшін пайдалануға жол бермеу 10 Карантиндік объектілерден бос аймақта дайындалған каран­тинге жатқызылған өнiмнен карантиндік объектілер тара­латын аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өнiмдi сақтауды немесе тазартуды жүзеге асыруға жол бермеу 11 Қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты егістіктерді, аумақтарды, қоймаларды жүйелі түрде зерттеуді қамтамасыз ету 12 Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалданған көлік құралдарын әкелуге жол бермеу 13 Қазақстан Республикасына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге тыйым салуларды немесе оған шектеулерді бұзуға жол бермеу 14 карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді өткізуге жол бермеу 15 Карантиндік объектілермен залалданған, карантинге жатқызылған өнімді карантиндік фитосанитариялық аймақтан әкетуге тыйым салуларды немесе шектеулерді бұзуға жол бермеу 16 Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуге уәкілетті органның рұқсатының болуы Қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда «+» белгісі қойылады; Қойылатын талаптарға сәйкес емес болған жағдайда «-» белгісі қойылады. Органның лауазымды адамы (дары): __________________ ____________ __________________________________ (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) __________________ ____________ __________________________________ (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Тексерілетін субъектінің басшысы: ___________________________________________ __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), лауазымы) (қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 тамыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11858 болып енгізілді.